"Иманбек, Джиган және мәңгілік классика". Ереванда қайда баруға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Ереванды көбінесе ашық аспан астындағы мұражай деп атайды. Бұл қалаға барған кезде туристер армян өмірінің түсіне еніп, Арменияның сәулетін, тарихын біліп қана қоймай, көптеген әлемдік мәдени іс-шараға қатыса алады. Kaz.tengritravel.kz және Aviata.kz Ереванның алдағы кейбір мәдени іс-шарасы туралы әңгімелейді.


Иконка комментария блок соц сети

Ереванды көбінесе ашық аспан астындағы мұражай деп атайды. Бұл қалаға барған кезде туристер армян өмірінің түсіне еніп, Арменияның сәулетін, тарихын біліп қана қоймай, көптеген әлемдік мәдени іс-шараға қатыса алады. Kaz.tengritravel.kz және Aviata.kz Ереванның алдағы кейбір мәдени іс-шарасы туралы әңгімелейді.

Армениядағы мәдени өмір бай және алуан түрлі. Мұнда кез келген турист өз талғамына сай көптеген қызықты нәрселерді таба алады. Алдағы бірнеше айда Ереванда өтетін қызықты мәдени іс-шаралардың таңдауын ұсынамыз.

7 қараша күні сағат 19.00-де "Арам Хачатурян" концерт залында Даниэль Ди Бонавентураның орындауындағы Астор Пьяццолл, Даниэль Ди Бонавентура, Карлос Гардельдің композициялары орындалады. Билет бағасы: 2 000 - 10 000 драм (2 000 - 11 500 теңге).

Ольга Бузова Ереванда 12 қарашада Dvin Music Hall-да өнер көрсетеді. Билет бағасы - 10 000 - 45 000 драм (11 000 - 47 000 теңге). Жанды дауыс, 16 + шектеу бар. Концертке армян эстрадасының дарынды әншісі Ивета Мукучян өзінің ерекше бағдарламасымен және орыс-армян поп-әншісі Ева Ривас қатысады.

12 қарашада Мezzo клубында Арменияның еңбек сіңірген суретшісі және сәнгері Анна Арутюнянның "Уақыт... және адам..." киім үлгісі таныстырылады. Жинақ жақында Миланда да көрсетіледі. Шара Мысырдан келген армян-француз композиторы Тигран Казазян квартетінің музыкасымен үйлеседі. Киімді елдің ең жақсы модельдері ұсынады. Билет құны: 5 000 - 20 000 драм (6 000 - 21 000 теңге).

#YerevanJazzFest2022 аясында Грэмми сыйлығының иегері Джудит Хилл 15 қарашада сағат 19.30-да Арам Хачатурян атындағы концерт залында өнер көрсетеді. Бағасы - 3 000 - 18 000 драм (4 000 - 19 000 теңге).

18 қараша сағат 19.00-де классикалық кеш болады. Арам Хачатурянның концерт залында Чайковский атындағы Мемлекеттік академиялық үлкен симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижер - Владимир Федосеев өнер көрсетеді. Солист - Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының жанындағы Орталық музыка мектебінің оқушысы - Адам Гуцериев. "Шехеразада" симфониялық сюитасын ойнау жоспарлануда. Билет құны: 3 000 - 15 000 драм (4 000 - 16 000 теңге).

9 желтоқсанда Ереванда Enrive Music Fest өтеді. "Грэмми" иегері Иманбек хедлайнер болады. 18.00-де басталады. Билеттер қазірдің өзінде сатылымда. Кіру билеті - 10 000 - 12 000 драм.

10 желтоқсанда ресейлік рэпер Джиган алғаш рет Ереванда концерттік бағдарламамен өнер көрсетеді. Концерт барысында арнайы қонақтар да болады: Hayat Project, Srbuk, музыкалық және жарық шоуы. Концерттің құны - 15 қарашаға дейін 10 000 драм, кейін - 15 000 драм. Концертке кіретін кезде алынса 20 000 драм болады.

Қазақстандағы Би-2 концертіне бара алмағандар үшін: Ереванда 17 наурыз күні сағат 20.00-де концерт өтеді. Жас шектеуі: 6+. Билет бағасы - 8 000 - 45 000 драм (отыратын орындар). Би алаңындағы алғашқы 300 билет - 12 500 драм, кейінгілері 15.000 драм.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная