Хургадада автобус апатқа ұшырады: туристер қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shutterstock © shutterstock

Осы аптада Мысырда жантүршігерлік жол апаты болды. Шетелдік туристерге толы автобус тасжолда аударылды. Туристер Сафага курортты қаласынан Хургаданың әуежайына бара жатқан. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Бұл оқиға туралы мысырлық БАҚ жазды. 


Иконка комментария блок соц сети

Осы аптада Мысырда жантүршігерлік жол апаты болды. Шетелдік туристерге толы автобус тасжолда аударылды. Туристер Сафага курортты қаласынан Хургаданың әуежайына бара жатқан. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Бұл оқиға туралы мысырлық БАҚ жазды. 

Туристердің Қызыл теңізге саяхаты аяқталып, олар өз еліне қайту үшін Хургада қаласының әуежайына бара жатқан. Алайда тасжолдың 40-шы шақырымында бір жағдай болып, автобус аударылып жол шетіне шығып қалған. Бәлкім жүргізуші ұйықтап кеткен не басқаруды игере алмаған. Салдарынан Польшадан келген үш турист пен жүргізуші қаза тапты, 11 адам жарақат алды. 

Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері барған. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Автобуста болған басқа саяхатшылардың ұлты аталмады. Осы оқиғаға байланысты тергеу шаралары жүріп жатыр.  

Мысырда жолдар ұзақ уақыт бойы жөнделмей жатады және туристік автобустардың жүргізушілері 15-20 сағаттап ұйықтамай жұмыс істейді екен. Соның салдарынан апатты жағдайлар жиі болуы мүмкін. 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная