Хургада немесе Шарм-эль-Шейх? Мысырда демалу үшін қай демалыс орнын таңдау керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Мысырда қай демалыс орнын таңдау керек: Хургада немесе Шарм-эль-Шейх? Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Қызыл теңіздегі ең танымал екі демалыс орнының ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы егжей-тегжейлі баяндайды. Ал сізге тек Мысырға тур таңдап, демалыстан ләззат алсаңыз болғаны.


Иконка комментария блок соц сети

Мысырда қай демалыс орнын таңдау керек: Хургада немесе Шарм-эль-Шейх? Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Қызыл теңіздегі ең танымал екі демалыс орнының ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы егжей-тегжейлі баяндайды. Ал сізге тек Мысырға тур таңдап, демалыстан ләззат алсаңыз болғаны.

Маржан рифі

Хургада. Хургададағы қонақүйлерде теңізге құмды және жұмсақ жол бар, бұл кішкентай балалары бар отбасылар үшін өте қолайлы. Қонақүйлердің жанында маржан рифін табу оңай емес, сондықтан сізге экскурсияға немесе қайықта жүзуге және нұсқаушымен бірге сүңгу кезінде көруге тура келеді. Ал сұлулығы жағынан Қызыл теңіздегі басқа орындардан еш айырмашылығы жоқ.

Шарм-эль-Шейх. Мұнда керісінше: өз маржан рифі бар қонақүйлер көп, алайда теңізге құмды кіреберісі бар қонақүйлердің саны аз. Бірақ сонымен бірге қорықтарға экскурсиялардан үнемдеуге болады. Ал суасты әлемінің әуесқойлары үшін Шарм-эль-Шейхтен жақын жерде табиғаттың қол тимеген әдемі бұрышы - Рас-Мұхаммед ұлттық қорығы орналасқан.

Демалыстағы ерекшеліктер

Хургада отбасылар үшін қолайлы. Мұнда әрбір қонақүйде туристер уақытының көп бөлігін өткізетін кең аймақ бар. Әр қонақүйде бірнеше бассейн, дәмхана, бар мен мейрамханалар, су айдындары бар, балалар үшін аттракциондар ашық, аниматорлар жұмыс істейді. Кешке қонақүйде әдетте шоу мен би кеші өтеді.

Шарм-эль-Шейх демалыста барынша көңіл көтергісі келетіндер үшін өте қолайлы. Таң атқанша би кеші, атақты диджейлер, заманауи клубтар мен барлар, мұнда түнгі өмір қызып тұр. «Күндіз жағажай, түнде көңіл көтеру» сіздің мақсатыңыз болса, бұл сізге арналған демалыс орны.

Көрнекі орындар

Мысырда болған кезде атақты пирамидаларды, Луксор, Патшалар алқабын, Гиза мен Каирді көргіңіз келсе, Хургадаға барыңыз: мұның бәрін бір күндік экскурсияның бөлігі ретінде тамашалауға болады.

Шарм-эль-Шейх қонақтары Синай тауына экскурсияға шығады, әдетте тауға көтерілу түнде басталады, содан кейін таңды шың басында қарсы аласыз (ұмытылмас әсер береді!). Бұл жерден Петра мен Израильдің әйгілі жартас қаласына да оңай жетуге болады.

Қонақүйлер

Хургада. Мұндағы қонақүйлер өте әдемі, барлығы өзіндік ерекшелігімен және әртүрлі стильде жасалған: кейбіреулері араб қамалдарын еске түсірсе, басқалары ортағасырлық бекіністерге ұқсайды, ал кейбіреуі заманауи еуропалық үлгідегі қонақүйлер. Мұндағы қонақүйлердің көпшілігі теңізге жақын, әсіресе «бесжұлдызды» қонақүйлерді айтуға болады. Қонақүйлердің аумағы өте үлкен, инфрақұрылымы қарқынды дамыған.

Шарм-эль-Шейх. Мұндағы қонақүйлердің көпшілігі Хургадаға қарағанда қарапайым. Олар стиль жағынан ерекшеленбейді, ал кейбіреулері теңізден біршама алыс орналасқан, сондықтан кейде жағажайға жету үшін ұзақ жол жүруге тура келеді.

Ортақ ерекшеліктері

Хургада мен Шарм-эль-Шейхте де бірдей кішкентай шығанақтар бар: жүздеген метр жаяу жүрсеңіз де, су деңгейі тізеден аспайды.

Барлық жерде жолдары жақсы, бағдаршам жоқ, бірақ жолда кедергілер кездеседі. Жол қозғалысы көбінесе жүргізушілердің сигнал арқылы байланысына негізделген. Кез келген уақытта сигналды басады: басып озғысы немесе өткізіп жібергісі келгенде, сәлемдескісі келгенде немесе туристің назарын аударғысы келгенде.
Мысырда бензин арзан, сондықтан такси арзанға түседі.

Тамақтың жақсы болуы қонақүйге байланысты. Мұндағы негізгі тағамдар ұлттық бояуымен ерекшеленбейді, бірақ мысырлық кондитерлік өнімдер шынымен өте дәмді.

Шарм-эль-Шейх пен Хургаданың халқына келер болсақ, олар өте ашық, көңілді және мейірімді, жыл сайын туристерді асыға күтеді.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная