Хорватияда "Махаббат аралы" сатылымға шығарылды

Хорватиядағы Галешняк деп аталатын махаббат аралы сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Болашақ сатып алушы 40 мың шаршы метрді иеленеді. Құны - 13 миллион еуро.

Мұнда қонақүй, вилла немесе мейрамханалар жоқ, алайда Галешняк аралына жыл сайын әлемге әйгілі адамдар келеді. Мұндай танымалдылықтың құпиясы - оның территориясы жүрек формасын ұқсас болуы. Бұл хорватиялық ең танымал аралдардың бірі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Visit Croatia (@visit.croatia)

Адам тұрмайтын Галешняк аралы Адриатика теңізінің Хорватия жағалауында, Турань қаласынан небары бес шақырым жерде орналасқан. Оның аумағы небары 13 гектар, мұнда тек қояндар мен басқа да ұсақ жануарлар мекендейді.

Бұл арал 2009 жылы әлем жұртына паш етілді. Әулие Валентин мерекесіне бірнеше күн қалғанда Google Earth бағдарламасының қолданушылары Галешняк аралының пішіі жүрек символына ұқсас екенін аңғарған. Содан кейін бұл арал туралы CNN және BBC телеарналары көрсете бастады, ал оның суреті әлеуметтік желіде вирусқа айналды.

earth.google.com сатйнынан скриншот

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!