Халықаралық туризм жаңа соққыға тап болды

Саяхат секторы 2022 жылдың қаңтарында сенімді қалпына келе бастады, алайда геосаяси жағдайлар туризм мүмкіндіктерін едәуір тарылтады. UNWTO ұсынған соңғы мәліметтер осы жылдың қаңтарында бүкіл әлем бойынша шетелдік туристердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 130 пайызға артқанын көрсетті. Бұл дегеніміз, 2022 жылдың бірінші айында әлемдік нарықта 18 миллион саяхатшы тіркелді, - деп хабарлайды Tourprom сайты.

Бүкіл әлем бойынша шетелден келетін туристер саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқанына қарамастан, бұл көрсеткіштер пандемияға дейінгі деңгейден 67 пайызға төмен. Мұның себебі - коронавирустың жаңа толқындарынан қорқып, әлемнің
көптеген елінде әлі күнге дейін шектеу шаралары.

"Бұл сандар өткен жылы басталған оң тенденцияны растаса да, қаңтарда қалпына келтіру қарқынына омикрон штамының пайда болуы және бірнеше бағыттар бойынша сапарларға шектеулерді қайта енгізу әсер етті. 2021 жылы 71 пайызға төмендегеннен кейін, 2022 жылдың қаңтарында шетелдік келушілердің саны пандемияға дейінгі деңгейден 67 пайызға төмен болды", – делінген ұйымның хабарламасында.

Жаһандық көрсеткіштерге келетін болсақ, Еуропа (+199 пайыз), Солтүстік және Оңтүстік Америка (+97 пайыз) саяхат саласын қалпына келтірудің ең жоғары нәтижелерін көрсетті. Таяу Шығыста (+89 пайыз) және Африкада (+51 пайыз) 2022 жылдың қаңтарында 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда өсу байқалды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!