Халықаралық рейс ұшағы біртүрлі суреттерден кейін тұраққа оралды

Бортта 150-ден астам жолаушысы бар Тель-Авив - Ыстамбұл рейсінің ұшағы бірнеше суретке байланысты тұраққа оралуға мәжбүр болды. Бұл туралы РИА Новости түркиялық Star басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Ұшақ ұшу-қону жолағымен жүре бастағанда жолаушылар экипажға белгісіз нөмірден түсініксіз хабарламалар түскені туралы айтты. Бұл хабарламаларда ұшақ апатының суреттері болды, ал рейстің экипажы осы хабарламада террорлық шабуыл қаупін көрді.

Борт тұраққа оралды, оны қауіпсіздік қызметі мұқият қарап шықты және барлық процедурадан өткеннен кейін Ыстамбұлға ұшып кетті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!