Халықаралық әуекомпания Украинаға рейстерді тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Foto: Pål S. Schaathun Foto: Pål S. Schaathun

Норвегиялық Norwegian әуекомпаниясы қауіпсіздік жағдайына байланысты Украина аумағы арқылы рейстерді уақытша тоқтатты. Бұл туралы тасымалдаушы ТВ2 телеарнасына хабарлады.


Норвегиялық Norwegian әуекомпаниясы қауіпсіздік жағдайына байланысты Украина аумағы арқылы рейстерді уақытша тоқтатты. Бұл туралы тасымалдаушы ТВ2 телеарнасына хабарлады.

"Біз бұл шешімді қауіпсіздік жағдайын кешенді талдау негізінде қабылдадық. Сөйтіп Украинаның үстінен уақытша ұшпауға шешім шығардық. Қауіпсіздік әрқашан бірінші орында", - деді компания өкілі Эсбен Туман.

Әуекомпания өкілдері 2014 жылы Донецк облысындағы МН17 рейсінің апатынан кейін Украинаның шығыс аймақтарына ұшудан аулақ болуға тырысқанын атап өтті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel