Грузияда туристер үшін шектеулер қалай өзгереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото @Shutterstock Фото @Shutterstock

Көптеген адам комендант сағатына байланысты Грузияға сапардан бас тартып жатыр. Алайда бұл шектеу осы айда алынып тасталуы мүмкін. Грузияда туристер үшін қазір қандай шектеу бар және алдағы уақытта қалай өзгеретіні туралы Kaz.tengritravel.kz порталының және Aviata.kz материалында. 


Иконка комментария блок соц сети

Көптеген адам комендант сағатына байланысты Грузияға сапардан бас тартып жатыр. Алайда бұл шектеу осы айда алынып тасталуы мүмкін. Грузияда туристер үшін қазір қандай шектеу бар және алдағы уақытта қалай өзгеретіні туралы Kaz.tengritravel.kz порталының және Aviata.kz материалында. 

"Кавказ торабы" мәліметінше, Грузияда дәмханалар мен мейрамханалар үшін шектеулер жеңілдетілді. 1 маусымнан бастап тамақтану орындарына жұмыс күндері және демалыс күндері ашық және жабық бөлмелерде қонақтарды қабылдауға рұқсат етіледі. Алайда, банкет ұйымдастыруға болмайды.

Мейрамхана, дүкен және музейлер ковидке дейінгі режимде, тек бір шартпен жұмыс істеп жатыр: мекеме комендант сағаты басталғанға дейін бір сағат бұрын жабылады.

Грузияда комендант сағаты 23.00-ден 4.00-ге дейін әрекет етеді.


@Shutterstock  

regnum.ru мәліметінше, Грузия Денсаулық сақтау министрлігі маусымда комендант сағатын алып тастау мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы ковидтік госпитальдардың жұмысын қадағалайтын Тбилиси инфекциялық ауруханасының директоры Тенгиз Церцвадзе мәлімдеді. Ол бұл коронавирустың жағдайына байланысты екенін айтты.

Сондай-ақ жақында көшеде маскасыз жүруге рұқсат етілуі мүмкін, алайда жабық ғимаратта тағу міндет. 


@Shutterstock  

Елге кіру шарттары

Грузияға баратын саяхатшылар ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ағылшын немесе орыс тілдерінде ұсынуы қажет. Ол талдауды алған сәттен бастап ұшып келу уақытына дейін 72 сағат бойы жарамды болып саналады.

Грузияға келген соң үшінші күні тағы ПТР-тест тапсыру керек. 

Вакцина салдырған туристер ПТР-тестінен босатылады. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, туристер кез келген вакцинаны салдыруға болады, тек толық курсын алу керек. Шекарадағы бақылау пунктінен өткен кезде саяхатшылар вакцина салдырғаны туралы ресми құжат көрсету керек. 

"Эхо Кавказа" мәліметінше, 16 маусымнан бастап 10 жасқа дейінгі балалар шекарада ПТР-тест нәтижесін көрсетуден босатылады. 

Сондай-ақ екпе салдырған туристерге мына онлайн-құжатты толтырудың қажеті жоқ. Қалған азаматтар, оның ішінде балалар да Грузияға келгенге дейін 48 сағат бұрын құжатты толтыру керек. Ережені толығырақ мына жерден қараңыз.

Қалай баруға болады

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ҚР ИИДМ) ақпараты бойынша, Қазақстаннан Грузияға аптасына 10 рейс: Алматы – Тбилиси бағытында үш рейс, Атырау - Кутаиси, Ақтау - Кутаиси бағытында екі рейстен,Нұр-Сұлтан - Кутаиси бағытында үш рейс бар.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная