Грекияда туристер көп келеді деп күтілуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санторини, Грекия, фото ©Pixabay Санторини, Грекия, фото ©Pixabay

Грекияда туризмнен түсетін табыс артады деп күтілуде, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Hindustantimes.com сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Грекияда туризмнен түсетін табыс артады деп күтілуде, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Hindustantimes.com сайтына сілтеме жасап.

Грекияда туристер санының өсуі байқалады, осыған байланысты билік экономиканың өсуін күтуде.

Орталық банк басшысы Янис Стурнарастың айтуынша, грек экономикасы күтілгеннен көбірек өсуі мүмкін, өйткені елде туристер көп болады. Еуропалықтардың көпшілігі жазғы демалысы үшін Грекияны таңдапты.

"3,2 пайыз өсім - Грекия банкіндегі негізгі болжамымыз, бірақ бұл туризм кірісі 2019 жылғы табыстың 80 пайызын құрайды деген болжамға негізделген", - деді Яннис Стурнарас.

Туризм секторы Грекия үшін өте маңызды, өйткені бұл сала ел экономикасының бестен бір бөлігін және жұмыс орындарының төрттен бір бөлігін құрайды.

Еске салайық, сәуірде Грекия туристер үшін антиковид шектеулерді жеңілдету туралы шешім қабылдады. 1 мамырдан 31 тамызға дейін қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендерге барған кезде туристер мен жергілікті тұрғындарға вакцинация төлқұжатын немесе COVID-19-дан жазылғаны туралы анықтаманы ұсынудың қажеті жоқ.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная