Грекияның Родос аралында ұлыбританиялық 26 жастағы турист найзағай соғудың салдарынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Rodiaki басылымына сілтеме жасап.
Күн күркіреп тұрған уақытта ол Агия Агата ауданында теңізге шомылуға барған. Мұндай кезде шомылуға болмайтынын айтқандарды ол елемей, судан шықпай қойған.
Найзағай соққаннан кейін ер адамды құтқарушылар жағаға алып шыққан, дәрігерлер оның өмірі үшін күрескен, алайда аман алып қалу мүмкін болмаған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!