Грекияда коронавирус жұқтырған туристерге карантин тоқтатылды

Грекияда демалыста коронавирус жұқтырған шетелдік азаматтар үшін оқшаулау туралы талап жойылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Profi.travel сілтеме жасап.

Грекия үкіметі коронавирусты елде жұқтырған туристер енді карантинге және оқшаулануға міндетті емес деген шешім шығарды.

Сондай-ақ, қонақүйлерден коронавирус белгілері бар қонақтар үшін карантиндік бөлмелердің болуын қамтамасыз ету талабы алынып тасталады.

Грекияда туристер көп келеді деп күтілуде

Енді шетелдіктер симптомдар болған жағдайда өзін-өзі оқшаулауды ұстанатынын немесе демалысын жалғастыратынын өздері шеше алады. Коронавирусқа оң сынақтан өткен туристерге паромдарды, ұшақтарды және басқа көлік құралдарын пайдалануға рұқсат етіледі. Жалғыз талап - медициналық масканың болуы (FFP2 немесе KN95).

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!