Грекия туристер үшін ковид шектеулерін жеңілдетті

Грекия билігі жазғы маусымның басталуына дейін туристер үшін антиковид шараларды жеңілдетуге шешім шығарды. Бұл туралы Грекияның денсаулық сақтау министрі Танос Плеврис мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

1 мамырдан 31 тамызға дейін қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендерге барған кезде туристер мен жергілікті тұрғындарға вакцина төлқұжатын немесе COVID-19 ауруы туралы анықтаманы ұсынудың қажеті жоқ.

Дәмхана, мейрамхана, кинотеатрлар және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде келушілер санына барлық шектеу алынып тасталады. Сонымен қатар, 1 маусымнан бастап үй-жайларда бетперде кию тоқтатылады.

Сондай-ақ, Грекия билігі кіру ережелеріндегі жаңа жеңілдіктерді қарастырып жатыр, бірақ оларды әлі хаттамаға енгізген жоқ. Бұған дейін жаздың басынан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан грек Ираклионына, сондай-ақ Салоникиге рейстер ашылатыны белгілі болды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!