Грекия жағалауындағы круиз кемеден өрт шықты

Грекия жағалауында MSC Lirica круиз кемесі өртенді, - деп хабарлайды lenta.ru порталы Kapital сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, өрт 12 наурыз, жұмада жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 15:30-да болған. Кеме 30 қаңтарда Корфу портынан круизге шыққан.

Бортта жолаушылар жоқ, тек экипаж мүшелері болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, олардың бәрі аман-есен.

Кеменің оң жақ бөлігі өртеніп кеткен. Әлеуметтік желіде тараған видеолардан кемеден шыққан өрттің қара түтіні көкке көтерілгенін көруге болады.