Гонконгта турист жартастан құлап, қаза болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Independent басылымына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, Лян есімді 37 жастағы ер адам жартасты шыңға көтерілу кезінде тепе-теңдігін жоғалтып, шамамен 25 метр биіктен құлап, қаза болған.
Қайғылы оқиға таңғы сағат 10-дар шамасында оншақты достың солтүстік Коулундағы тауға шығуы кезінде болған. Хабарларға қарағанда, Лян құлағаннан кейін ес-түссіз күйде табылып, жергілікті ауруханаға тікұшақпен жеткізілген, сонда оның қаза болғаны жарияланған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!