Гоаға демалуға барған туристі бұқа сүзіп тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/AveCalvar © pixabay.com/AveCalvar

Үндістанның Гоа штатындағы курорттық аймақта 79 жастағы британиялық туриске бұқа шабуыл жасаған
Herald Goa басылымы мәліметінше, оқыс оқиға биыл 4 қаңтарда болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Үндістанның Гоа штатындағы курорттық аймақта 79 жастағы британиялық туриске бұқа шабуыл жасаған
Herald Goa басылымы мәліметінше, оқыс оқиға биыл 4 қаңтарда болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Зардап шеккен турист, 79 жастағы британиялық Ивон Морриш оқиғаның мән-жайын баяндап берді. Айтуынша, 2 қаңтарда ол Гоаға келіп, Бенаулим қонақүйіне жайғасқан. Демалысының әр күнін жағажайдағы серуенмен бастап жүрген ол 4 қаңтарда оқыс оқиғаға тап болған. Белгілі болғандай, жағажайда жайылып жүрген бұқаға ит шабуыл жасап, салдарынан бұқа ойқастап жүгіре жөнелген.

Өкінішке қарай, ашуға булыққан бұқа алдынан кезіккен Морриштің санын сүзіп өткен. Салдарынан ол оңбай құлап, аяғы мен басын жарақаттап алады. Басылым атап өткендей, құтқарушылардың бірі туристі арашалап алмақ болып жүріп, бұқаға өзі де соқтығысқан көрінеді. Дегенмен құтқарушының қазіргі жағдайы белгісіз.

Куәгерлер жақын маңдағы дәмхана қызметкерлерінің көмегімен жедел жәрдем шақыртқан. Ал жергілікті тұрғындар туристі жағажайдан басты жолға жеткізіп берген. Сөйтіп жедел жәрдем қызметі оны Оңтүстік Гоа аудандық ауруханасына жатқызған.

Колва полициясының басшысы Сандеш Гадкер ауруханаға барып, зардап шекке туристің жағдайын білді. Қазір полиция туристі сүзіп тастаған бұқа иесін іздестіріп жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная