Гоада қызғылт полиция ашылды

Үндістанда Гоа штатының билігі аймақта "қызғылт" полиция жұмыс істей бастағанын жариялады. Бұл бөлім "әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстың алдын алу үшін", соның ішінде туристер арасында тыныштықты бақылаумен айналысады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром басылымына сілтеме жасап.

Гоа бас министрі Прамод Савант неліктен қызғылт түс таңдалғанын бұқаралық ақпарат құралдарына да түсіндірді.

Оның айтуынша, мұндай 250 тәртіп сақшысы жұмыс істейді. "Қызғылт күштер" штаттағы 11 полиция бөлімшесінде қызмет етеді, содан кейін біртіндеп кеңейтіліп, "қызғылт" полиция өкілдері жағалаудағы барлық полиция бөлімшесінде болады.

Савант туристік Гоа осындай жаңалықты енгізген алғашқы аймақ болғанын атап өтті. Арнайы бөлім туристерге, әйелдер мен балаларға қамқорлық жасау үшін құрылған.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!