Германияда кабельдің үзілуі салдарынан жүздеген әуерейс ұшпай қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Lufthansa әуекомпаниясы IT-ақауға байланысты жүздеген рейс ұшпады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Lufthansa әуекомпаниясы IT-ақауға байланысты жүздеген рейс ұшпады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Техникалық ақауға байланысты екі жүзден аса рейс ұшпады, тағы ондаған рейс кейінге қалдырылды. Әуекомпания өкілдерінің айтуынша, темір жол маңында орналасқан оптикалық-талшықты кабель құрылыс жұмыстары кезінде үзілген.

Соның салдарынан Франкфурт әуежайында тіркеу, отырғызу және басқа да жүйелер істен шыққан. Lufthansa компаниясының баспасөз қызметі мәселе таяу уақытта шешілтетінін мәлімдеді.

Кейінірек бұл ақау, компанияның басқада филиалдарына әсер еткені белгілі болды, себебі Lufthansa ұшақтарының ұшуын жаһандық басқару орталығы франкфурттық әуежайда орналасқан.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, әуекомпанияның Франкфурттан барлық ішкі рейстері тоқтатылып, жолаушыларға балама көлік түрлерін - пойыздарды немесе аймақтық автобустарды пайдалану ұсынылған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная