Гонолулу туристік аймағының орталығында орналасқан Хилтон Гавай ауылында баньян ағашының бұтағы құлауы туралы Hawaii News Now интернет-порталы жазды. Ақпаратты қаланың шұғыл медициналық қызметі ұсынған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Ағаштан зардап шеккен туристер әртүрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Үш адам ауруханаға жатудан бас тартты.
Баньян немесе бенгал фикусы - бұтақтары жерге өсіп, жаңа өсімдіктер түзетін ең ірі ағаш. Үлкен фикустың биіктігі 30 метрге дейін жетуі мүмкін, ал саяхатшылар әрдайым оның көлеңкесіне қызығады.
© shutterstock
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!