Ғалымдар коронавирустың "ұлыбританиялық" штамының алғашқы фотосын түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: rospotrebnadzor.ru Фото: rospotrebnadzor.ru

Роспотребнадзор ғалымдары алғаш рет коронавирустың "ұлыбританиялық" штамын микроскоппен суретке түсірді. Ведомство сайты "ұлыбританиялық" коронавирустың жаңа түрі пациенттен 2020 жылдың желтоқсанында алынғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Роспотребнадзор ғалымдары алғаш рет коронавирустың "ұлыбританиялық" штамын микроскоппен суретке түсірді. Ведомство сайты "ұлыбританиялық" коронавирустың жаңа түрі пациенттен 2020 жылдың желтоқсанында алынғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вирустың микроскоппен түсірілген фотосуреті жаңа коронавирус нұсқасының қасиеттерін, құрылымдық ерекшеліктері мен зертханалық жануарларды қолдана отырып, жасушалық дақылдар мен эксперименттік модельдердегі көріністерін зерттеу аясында алынды", - делінген хабарламада.

Ресейде тіркелген Роспотребнадзор мекемелері жасаған ПТР тест коронавирустың "ұлыбританиялық" түрін жұқтыру жағдайларын анықтай алады. 

Айта кетейік, ұлыбританиялық ғалымдар 2020 жылдың желтоқсанының соңында вирустың жаңа штамын тапқанын мәлімдеген. Ол белгілі коронавирус түрінен 50-70 пайызға жұқпалы. Штамм өткен жылдың қарашасында Ұлыбританияда таралды және Еуропа елдерінде де байқалды.

Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирустың "ұлыбританиялық" штамы бұрыннан белгілі вирустарға қарағанда қауіпті деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная