Португалияның Албуфейре қаласының жағалауының маңында жаңа су асты көркем сурет жәрмеңкесі өтуде, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Breaking Travel News басылымына сілтеме жасап.
EDP Art Reef португалиялық граффити және көше суретшісі, Vhils лақап атымен танымал Александр Фарто жасаған елдегі осы тектес алғашқы жоба. Электростанцияның ескірген қалдықықтарынан жасалған 13 туындыны дайверлер 10 метр тереңдікте тамашлай алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Темір мен бетоннан жасалған туындылар жағалаудан бір миль қашықтықта, 12 метр тереңдіктегі 1250 шаршы метр жерге орналастырылған. Ал ондағы ең биік мүмсін 5,3 метр.
"Адамдардың теңізбен қарым-қатынасының түрлі тарихын табуыға тырыстым, аман қалу, қақтығысу мен қысылтаяң оқиғаларды. Біздің тарих теңізбен байланысқан тұстарды", - дейді Vhils.
Бұл суретшінің "өзін сынап көрген ең ауыр" еңбегі болды. Бұл үшін ол үлкен команданы жұмылдырды және жұмыстардың бәрі теңіз түбінде - үнемі қозғалыс орнында жасалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2008 жылы көше өнерінің ең атақты өкілдерінің бірі Бэнкси Vhils лақап атымен белгілі Александр Фартоны Лондондағы The Cans Festival көрмесіне шақырады, осы кезде португалиялық өзін танытуға үлкен мүмкіндік алған екен.
Техниктің қадағалауымен, сақтандыруы мен жауапкершіліктен бас тарту туралы хаты бар кез келген адам Art Reef by Vhils көрмесін тамашалй алады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!