Фюзеляжінде ақауы бар 50 шақты Boeing ұшақтары жөндеуге қайта жіберіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Boeing компаниясы мәлім еткендей, жаңа Boeing 737 МАХ ұшақтарында ақау анықталған. Атап айтқанда лайнерлердің фюзеляждегі тесіктері дұрыс бұрғыланбаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Аviaincident Telegram-каналына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Boeing компаниясы мәлім еткендей, жаңа Boeing 737 МАХ ұшақтарында ақау анықталған. Атап айтқанда лайнерлердің фюзеляждегі тесіктері дұрыс бұрғыланбаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Аviaincident Telegram-каналына сілтеме жасап.

Компания қосымша жөндеу жұмыстары жүргізілуі қажет екенін алға тартты. Дегенмен анықталған олқылық ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтінін атап өтті.

Бастапқыда борттағы ақау туралы Boeing компаниясына фюзеляж жеткізетін Spirit AeroSystems хабарлады. Мекеме мамандары 50 фюзеляжден стандартты емес екі тесік тапты.

Сонымен қатар бүгін Emirates әуекомпаниясының президенті Тим Кларк әуеде Boeing-737 Мах ұшағында терезесі мен фюзеляжінің бір бөлігі ұшып кеткен жағдайды ескеріп, Boeing ұшақтарының сапасы айтарлықтай төмендегенін айтты. Кларк алғаш рет Boeing компаниясының зауытына өз инженерлерін жіберетінін мәлімдеді. Бұл компанияның ақауларды жоюға берілетін соңғы мүмкіндігі екенін атап өтті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная