Францияның Дижон қаласының маңында шағын туристік ұшақ апатқа ұшырап, үш адам қайтыс болды. Бұл туралы Вien Public жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Басылымның мәліметінше, оқиға жұмада жергілікті уақыт бойынша сағат 14.30-да Кот-д'Ор бөліміндегі Даруа аэродромында болған. Ұшақ Нансиден ұшып, қону кезінде құлаған.
Құтқарушылардың айтуынша, борттағы үш ер адамның бәрі қайтыс болған. Апаттың себептерінің бірі ауа райының қолайсыздығы болуы мүмкін.
Мамандар апат орнында өрт белгілерін таппады, тәртіп сақшылары тергеуді бастады.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!