Францияда жолаушы әйел ұшақ бортында босанды

Ұшақ жерге қонуға бір сағат қалғанда бортта отырған жүкті әйел дүниеге перзент алып келді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Franceinfo басылымына сілтеме жасап.

Парижден Фор-де-Франсқа ұшқан ұшақта тосын жағдай болған. Әйелдің босануына бортсеріктер және бортта отырған екі интерн мен медбике көмектескен.

Басылым мәліметінше, әйел ұл бала босанған. Әуекемесі әуежайға қонған бетте, шақалақ пен оның анасын дәрігерлер алып кеткен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!