Францияда "Эмили Парижде" сериалы бойынша тур іске қосылды

Туристік компания Франция астанасында бес күндік ерекше тур ұсынады, ол "Эмили Парижде" танымал сериалының басты кейіпкерінің саяхатына негізделген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Planetofhotels мәліметінше, фильмді шығарушы компания - Netflix басшылығы мұндай турды құптап, қолдаған.

Тур тәжірибелі мамандардың басшылығымен француз және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Кейде гид ретінде арнайы қонақтар шақырылады, олар сән әлемінің және шоу-бизнестің танымал өкілдері. Сондай экскурсоводтардың бірі париждік Инес Тази болмақ, ол Perfect Match танысу шоуының басты кейіпкері болған.

Турға қатысушыларды коктейл әзірлеу және ас пісіру массер-классы күтіп тұр, сондай-ақ олар түсірілім алаңдарын сырттай тамашалау және Эмилидің сүйікті орындарымен серуендеу ұсынылады. Сондай-ақ, сәнді ательеге бару және онда өзіндік стиль ойлап табуда кіреді. Тур құны 2 400 еуродан басталады, алайда онда Парижге ұшып бару қарастырылмаған.

"Эмили Парижде" - америкалық комедиялық-драмалық телесериал, онда америкалық жас қыздың Парижге көшіп баруы жайлы айтылады. Бірінші маусым 2020 жылы экранға шықты.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!