Флорида әуежайында тауықтың ішіне жасырылған тапанша табылды

Флорида әуежайының қауіпсіздік қызметінің мамандары багажды тексеру кезінде тауықтың ішіне жасырылған тапаншаны тапты. Бұл туралы әуежай қауіпсіздігі әкімшілінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

"Көңіл қалдырғымыз келмейді, бірақ суық қаруды тауықтың ішіне жасыру - бұл уақытта текке жұмсау", - деп жазды ведомство өкілдері Twitter желісіндегі ресми аккаунтта.

Реклама
Реклама

There’s a personal fowl here. Our officers @FLLFlyer made this very raw find. We hate to break it to you but stuffing a firearm in your holiday bird for travel is just a baste of time. So, don’t wing it, you'll find all the proper packaging info here: https://t.co/Zm2XnorDx7 pic.twitter.com/BpdbEwwouX

— TSA (@TSA) November 7, 2022

Қаруды Форт-Лодердейл халықаралық әуежайында тапқан. Ведомство өкілдері тапаншаны кім алып өтпек болғану туралы да күдіктіні қамауға алу туралы де ештеңе айтпаған.