Филиппины шетелдік туристердің келуіне дайындалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Филиппины "туристік көпіршік" құруды жоспарлап отыр - халықаралық туризмге ашылу үшін көршілес елдермен қауіпсіз саяхаттау дәліздерін ашады. Бұл туралы Филиппины туризм департаментінің хатшысы Бернадетт Ромуло-Пуят айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы TravelDaily басылымына сілтеме жасап.  

Сонымен қатар, Пуяттың айтуынша, мұндай "көпіршіктерді" енгізу үшін екі ел арасында бекітілетін барлық қауіпсіздік хаттамаларды қатаң түрде сақтау керек екен. 

"Филиппины көрші елдермен жұмыла жұмыс істеуге дайын", - деді елдегі туризм министрі. 

Елдің Сингапурмен және инфекцияның төмен деңгейін көрсететін және денсаулық пен қауіпсіздікті қорғаудың тиімді шараларын енгізетін басқа елдермен "жасыл дәліздердің" осыған ұқсас тәжірибесі бар.

Сондай-ақ, Филиппиннің туризм министрлігі жаңа CОVID-19 штаммының пайда болуына және вакциналардың шығарылуының кешеуілдеуіне байланысты туризм тағы бір қиын жылға тап болуы мүмкін деп алаңдайды. 2020 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін елге 1 323 956 шетелдік турист келген, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 83,97 пайызға аз.

Осыған байланысты туристік компаниялардың қызметін қалпына келтіру үшін кіру талаптарын қатаңдату және денсаулық сақтау мен қауіпсіздік тетіктерін жақсарту бойынша жұмыс істеу жоспарланған. 

"Туристік көпіршік" - бұл екі ел арасындағы туристерге қолданылатын талаптарды жеңілдету туралы екіжақты келісімі. Алайда, мұндай "көпіршіктер" ауру деңгейі төмен елдермен ғана жасалады, себебі денсаулық пен қауіпсіздік принциптері жоғары деңгейде қала береді. 

TengriTravel