Париждегі Эйфель мұнарасы келушілерге 16 шілдеде ашылды. 20 шілдеге дейін аттракцион барлық турист үшін, ал 21 шілдеден бастап тек COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған адамдар үшін ашық болады. Бұл туралы Le Figaro жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Мұнара оператор-компаниясының басшысы Жан-Франсуа Мартин мұндай шаралар жақын арада Францияның көптеген көрнекті орындары үшін нормаға айналады деп болжады.
Соңғы үш аптада мұнара басшылығы лифтілерді жолаушыларсыз сынақтан өткізіп, қауіпсіздікті тексерді. Көрнекті орынның жұмысын жандандыру үшін 350 қызметкер мәжбүрлі демалыстан жұмысқа шықты.
"Біз мұнараны талғампаздық және қамқорлықпен "оятуға" дайындалып жатырмыз, өйткені ол өзін-өзі оқшаулау режиміне байланысты 250 күн "ұйықтады", - деп атап өтті Мартин.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!