Эвереске туристер қайтадан жіберіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Непал үкіметінің өкілдері альпинистер үшін әлемдегі ең биік шың - Эверестің ашылғанын мәлімдеді. Бұл өткен жылдың наурызында карантин енгізілгеннен кейін алғаш рет болады, - деп хабарлайды Tourdom.ru сайты Reuters басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Непал үкіметінің өкілдері альпинистер үшін әлемдегі ең биік шың - Эверестің ашылғанын мәлімдеді. Бұл өткен жылдың наурызында карантин енгізілгеннен кейін алғаш рет болады, - деп хабарлайды Tourdom.ru сайты Reuters басылымына сілтеме жасап.

Туризм департаментінің басшысы Мира Ачария Эвереске өрмелеуге сәуір айының басынан бастап рұқсат етілетінін мәлімдеді. Ол санитарлық ережелер қатаң сақталатанын да айтты. Эвересті бағындыруға тырысқысы келетін 300-ден аса өтініш келіп түскен. Бұл 2019 жылдың сәуірінде тіркелген рекордтық 380 өтініштен соншалықты аз емес.

"Елге келген кезде бір апта карантинде болу және коронавируске теріс тест талап етуге қарамастан, Непал жағындағы альпинистер саны одан да көп болуы мүмкін. Өйткені Қытайдың Эверест баурайы осы маусымда жабық болады", - деді Мира Ачария.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная