Еуропадағы тағы бір курорттық елде коронавирус күн тәртібінен алынып тасталды. Португалияда бетперде режимі жойылды. Сондай-ақ, туристер үшін елге кірер алдында арнайы құжаттарды толтыру тоқтатылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.
Елдің денсаулық сақтау министрі Марат Демидов ковид шараларды жеңілдетуді, атап айтқанда, тиісті рұқсат жобасы министрлер кабинетінің отырысында мақұлданғаннан кейін бетперде режимін алып тастауды жариялады.
"Біз пандемия жағдайлары өзгергенін түсінгендіктен құрылымды өзгертеміз. Біріншіден, вакцина және ревакциналау арқылы қорғаныс өте жоғары, екіншіден, жаз айлары тыныс алу вирустары аз таралады", - деді ол.
Жақында Испания да осындай шара қабылдады. Екі жылда алғаш рет барлық дерлік қоғамдық мекемеде, соның ішінде мейрамханалар мен қонақүйлерде бетпердесіз жүруге рұқсат етілді. Туристер тек қоғамдық көлікте бетперде тағуы керек. Бұл Испанияға да, Португалияға да қатысты. Сонымен қатар, бетперде медициналық мекемелерде, соның ішінде дәріханаларда қажет.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!