Еуропалық туризмнің бүгінгі жағдайы қандай?

Германиялық БАҚ бүгінде еуропалық туризмнің жағдайы санитарлық шектеулер кезеңіндегідей нашар екенін мәлімдеді. 

Посткризистік синдром Еуропаның авиация саласын душар еткен. Персонал жеткіліксіздікгі, он мыңдаған ұшпайтын рейстер, багаж бөлігінде заттардың жоғалуы, еуропалық мықты державалар әуежайларындағы тіркеу бағанасының алдындағы жолаушылардың көпсағаттық кезектері - мұның барлығы фаталист режиссердің сценариі емес, 2022 жылдағы туризмнің жағдайы. 

"Ешқандай демалыс емес, нағыз хаос пен түңілу" - осындай пікірлерді неміс журналистері мен әлеуметтік желі қолданушылары жиі жазатын болған. 

Осыған дейін Ұлыбританияның ең ірі әуекомпаниясы British Airways персоналдың жетіспеушілігіне байланысты тамыздан қазанның соңына дейін тағы 10 300 рейсті тоқтатқаны айтылды