Еуропаға ұшақ дөңгелегіне жабысып барған жолаушы үсіп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Лондонның Гатвик әуежайына қонғанда ұшақ шассиіне арналған қуыстан қатып өлген ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Лондонның Гатвик әуежайына қонғанда ұшақ шассиіне арналған қуыстан қатып өлген ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

2022 жылдың 7 желтоқсанында белгісіз жолаушы Ұлыбританияға Гамбиядан TUI әуекомпаниясының ұшағымен жеткені анықталды. Дегенмен істі тергеу амалдары әлі де жалғасып жатқан көрінеді. Себебі қаза болған адамның аты-жөнін анықтау мүмкін болмаған. 20-30 жас шамасындағы қара нәсілді адам аяғына шұлықсыз сандал, ал үстіне спорттық костюм киген екен. Алайда өзімен бірге құжаттары болмаған.

Ол Африка елінен Еуропаға заңсыз көшуге тырысқан болуы мүмкін. Дегенмен 50 градустан төмен температурада 6 мыңға жуық шақырым ұшып барған жолаушы үсіп өлген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная