"Еуробақылау" (Еуропаның әуе қауіпсіздігі жөніндегі ұйымы) рейстер саны бойынша өңірдегі ең ірі әуежайлардың рейтингін жаңартты. 2022 жылғы ақпанның басындағы жағдай бойынша Ыстамбұл әуежайы күніне 893 ұшу және келу көрсеткішімен көшбасшы болып танылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Avianews сайтына сілтеме жасап.
Екінші орында - күніне 826 рейс нәтижесі бар Амстердамдағы Схипхол, үшінші орында - Мадридтегі Барахас, ол арқылы күніне 778 ұшу жүзеге асырылды. Үздік 10-ға Франкфурт, Шарль Де Голль (Париж), Хитроу (Лондон), Сабиха Гөкчен (Ыстамбұл), Мюнхен және Барселона кірді. Лиссабон осы көрсеткіш бойынша үздік ондықты жабады.
"Еуробақылау" рейтингті 2022 жылғы 30 қаңтар мен 5 ақпан аралығындағы рейстердің орташа саны негізінде жасады. Оған барлық рейс, соның ішінде шағын бизнес-авиация ұшақтары кірді және жолаушылар ағынын ескермеді.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.