Еуропадағы ең шулы қалалардың тізімі жасалды

Адамдардың, көліктердің, ұшақтардың дауысы - қаладағы шудың себепкері. Кем дегенде, дәл осы критерийлер бойынша британиялық қаржы қызметінің сарапшылары Еуропаның ақылды қалаларының рейтингін жасады, деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы money.co.uk сайтына сілтеме жасап.

Рейтингті жасау кезінде сарапшылар халықтың тығыздығын, жолдар мен әуе жолдарының жұмыс жүктемесін, сондай-ақ ойын-сауық орындарының санын салыстырды.

"Шу мен күйбелең тіршілік - мегаполистегі өмірдің міндетті бөлігі. Бұл оның ретсіздігіне де әсер етеді. Кептелістер мен төмен ұшатын ұшақтардың әсерінен спорттық және музыкалық алаңдарға түсетін жанкүйерлер тобына дейін, тіпті адамның көптігінен де кейде үлкен қалаларда қатты шу болады", - делінген сервистің жазбасында.

Қорытынды тізімге Еуропаның 23 қаласы кірді. Сіздердің назарыңызға шулы 10 мегаполисті ұсынамыз:

1. Париж, Франция (10-нан 8,40 ұпай);
2. Лондон, Ұлыбритания (10-нан 8,21 ұпай);
3. Рим, Италия (10-нан 4,96 ұпай);
4. Мадрид, Испания (10-дан 4,69 ұпай);
5. Барселона, Испания (10-нан 4,55 ұпай);
6. Манчестер, Ұлыбритания (10-нан 4,40 балл);
7. Вена, Австрия (10 балдан 4,33 балл);
8. Берлин, Германия (10-нан 3,66 ұпай);
9. Бирмингем, Ұлыбритания (10-нан 3,64 ұпай);
10. Милан, Италия (10-нан 3,41 ұпай).

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!