Еуропадағы ең арзан демалыс қаласы аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Афина, фото@pixabay Афина, фото@pixabay

Танымал қалалардағы туристік шығындар талданып, демалу үшін ең арзан орын анықталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Танымал қалалардағы туристік шығындар талданып, демалу үшін ең арзан орын анықталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Афина Еуропадағы ең арзан демалыс қаласы болды. Қаладағы бағалар 2021 жылмен салыстырғанда 15 пайызға төмендеген. Мұны Post Office Travel Money жүргізген талдау көрсетті.

Ерлі-зайыптылар үшін екі түнге қонақүйде тұру, тамақтану, аттракциондарға билеттер және жергілікті көлікте жол жүруді қоса алғанда, шығындар шоты 207 фунт стерлингті (112 469 теңге) құрады.

Лиссабон тізімде екінші орында. Онда осындай шығындар 218 фунт стерлинг (118 445 теңге) болды.

Бір қызығы, мұндай рейтингтерде поляк Краков, Латвия Ригасы және венгр Будапешті көшбасшы болды. Бірақ бұл жолы Афина мен Лиссабон арзанырақ екені анықталды.

"Афина мен Лиссабон екі есе арзан және күздің шуақты климатын, сондай-ақ төмен бағаны ұсынады. Біздің демалушыларға кеңесіміз - брондау алдында бағаны тексеру", - деп атап өтті сарапшылар.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная