Еуропада 2022 жылдың соңына қарай әуебилеттер бағасы 21 пайызға өседі. Бұл туралы L'Echo басылымы Allianz сақтандыру компаниясының болжамына сілтеме жасап хабарлайды.
Ереуілдердің, жанармайдың қымбаттауы және қызмет көрсететін мамандардың тапшылығынан еуропалық әуекомпаниялар ұшу ақысын тағы да көтеруге мәжбүр болады. Бұл туралы сақтандыру тобының мамандары мәлімдеді. Рейстерді кейінге қалдыру және бағаны өсіру - тасымалдаушылар үшін нарықта қалудың жалғыз жолы болмақ.
Қазірдің өзінде әуекомпаниялардың шығындары 9,7 миллиард долларға жеткен. Оның 25 пайызы еңбек ақыға жұмсалады екен.
Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!