Еуропада туристер мінген автобус апатқа ұшырады

Болгария батысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 15 адам зардап шекті, оның 13-і шетелдік туристер, - деп хабарлайды Bulgaria.postsen.com.

15 қарашада Кюстендил облысының Пастра ауылына жақын маңдағы тасжолда жол талғамайтын көлікпен туристік автобус соқтығысты. Туристер Рильский монастыріне бара жатқан. 13 шетелдік турист, сондай-ақ гид пен автобус жүргізушісі еуропалық Благоевград қаласының ауруханасына жеткізілді.

Зардап шеккендер жеңіл жарақат алған. Жарақат алғандардың біріне оқиға орнына көмек көрсетілген. Жол апатынан зардап шеккен туристердің қай елден барғаны айтылмады.

Айта кетейік, былтыр 23 қарашада Түркиядан Солтүстік Македонияға бара жатқан автобус Болгария астанасы София қаласының оңтүстік батыс аймағындағы Боснек ауылына жақын маңда апатқа ұшырап, 46 адам қаза тапқан еді. Оның ішінде төрт жасар екі егіз бала болған.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!