Еуропада жазғы демалыс үшін арзан бағыттардың рейтингі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Түркияның беделді Мармарис курорты Еуропа туристері үшін қолжетімді "негізгі туристік қажеттіліктерді" қанағаттандыратын ең арзан орынға айналды. Бұл бағалау Ұлыбританияның Post Office зерттеуінде ұсынылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркияның беделді Мармарис курорты Еуропа туристері үшін қолжетімді "негізгі туристік қажеттіліктерді" қанағаттандыратын ең арзан орынға айналды. Бұл бағалау Ұлыбританияның Post Office зерттеуінде ұсынылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Рейтингті анықтайтын тізімге екі адамға арналған үш тағамнан тұратын кешкі ас, бір бөтелке сыра, бір стақан шарап, кока-кола сусыны, үлкен бөтелке су, бір кесе кофе, күннен қорғайтын және жәндіктерден қорғайтын крем кіреді.

Нәтижесінде Мармарис ең арзан орын болды. Онда бұл жиынтықты 31,45 еуроға сатып алуға болады. Арзан курорттар рейтингінің екіншісі - Болгариядағы Күн жағалауы. Онда мұның бәрі 31,52 еуро тұрады. Үшінші орын Португалияның Алгарве курортына тиесілі – "Еуроаймақтағы ең арзан", бағасы 53,49 еуро.

Бесінші және алтыншы орындарды Оңтүстік Африкадағы Кейптаун және Кипр Патосы алды. Бұл жерлерде "туристік жиынтық" 64,14 және 68,01 еуро тұрады. Зерттеушілер Кипрде бағалар 15 пайыз төмендегенін айтты. Грекияда да осындай жағдай.

Сондай-ақ, ондыққа Коста-дель-Соль, Мадейрадағы Фуншал кірді. Мұнда жиынтық 77,18 еуро болса, Испаниядағы Канар аралдарындағы Ланзаротта 85,71 еуро тұрады.

Бір қызығы, тізімде біздің туристер арасында танымал, бірақ қымбат бір ғана жағажай бар – бұл Дубай. Исландиялық Рейкьявик қымбат орындардың көшін бастады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная