Еуропада жаңа тыйымдарға қарамастан, коронавирус жағдайы нашарлады

Еуропада бұған дейін шұғыл түрде қабылданған ковидке қарсы қауіпсіздік шаралары оң нәтиже бермеді және аймақта коронавирус жағдайы нашарлады. Мұндай мәлімдемені Аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі еуропалық орталық (ECDC) жаңа сапар картасында жариялады. Еуропада саяхаттау үшін жалғыз қауіпсіз бағыт болып Румынияның жекелеген аймақтары қалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром басылымына сілтеме жасап.

Қатаң шектеулер мен тыйымдар болған кезде, яғни карта жаңартылғаннан бері жағдай нашарлады: аймақтың көп бөлігі туризм үшін жарамсыз деп танылды, өйткені COVID-19 жағдайлары туралы хабарламалардың 14 күндік жиынтық жиілігі 500 немесе одан да көп болып отыр.

Румыния Еуропаның жалғыз жасыл аймағы болып қалды. Соңғы екі аптада бұл аймақта 50-ге жетпейтін жағдай тіркелді және оң сынақ индексі 4 пайыздан төмен болды. Румыния, дәлірек айтсақ, оның оңтүстік-батыс бөлігі қазір саяхатшылар үшін "кішкентай" қауіпсіздік бұрышы болып тұр.

Еуропаның басқа елдеріне қарағанда, бұл - тұрғыны ең аз мемлекеттің бірі. Сондықтан, оның бір бөлігі туралы айтқанда, бұл туристер "жүрмейтін" шектеулі аумақ екенін түсіну керек. Оңтүстік-батыстан басқа, Румынияның қалған бөлігі сары түске боялған, яғни туризм үшін қауіптің жоғарылауы бар. Мысалы, кейбір италиялық аймақ: Сардиния, Пуглия және Молизе сары түспен боялған. Еуропаның қалған бөлігі қызыл немесе қою қызыл, яғни ковидті жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан туристер үшін қауіпті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!