Еуропада 1,8 миллион еуроға ұсқынсыз субұрқақ орнатылды

Австрия астанасында бұлақ көзінің 150 жылдығына орай қалалық үлкен субұрқақ ашылды. Тұрғындар оның көлемі мен ұсқынсыз мүсініне таңғалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Twitter желісіндегі Culture Critic аккаунт иелерінің мәліметінше, бұл нысанды салуға жергілікті билік 1,8 миллион еуро жұмсаған. Жергілікті тұрғындар осыған шамданып, өз салықтарының күмәнді арт-нысандарға жұмсалып жатқанына наразы болды.

Вена көшелерінің бірінде орналасқан жаңа нысан нағыз мемге айналды. Желіде оны келемеждеп түрлі пікірлер мен суреттер пайда болған.

Twitter желісінің бір қолданушысы субұрқақтағы бір кейіпкерді "Губка Боб квадрат шалбар" мультфильміндегі Скидвардқа ұқсатқан.

Басқалары оларды кәсіби суретшілерге балады. Сөйтіп өз нұсқаларын ұсынған.

Көпшілік жаңа мемдер ойлап тауып, субұрқақ туралы пікір білдірген.

"2023 жыл - аянышты жыл. Бізге не болды өзі?", "Не үшін... айтыңыздаршы не үшін?", "Мен бұрын-соңды көрген ең ұсқынсыз зат". Бұл менің көзіме шабуыл", "Тас дәуірінің суреттері мынадан жақсы еді", "Мен мұның халықаралық көлемде талқыланып жатқанына ризамын, барлығы тарихи Вена қаласындағы "заманауи өнер туындысының" масқаралығын көрсін", - деп жазды желі қолданушылары.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!