Еуроодақта біріңғай вакциналық төлқұжат енгізу мәселесі талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Грекия COVID-19 вакцинасы туралы біріңғай сертификаттар енгізу туралы Еуроодаққа өтініш жолдады. Ел үкіметінің ойынша, осы шара арқылы Еуропада жазғы маусымды құтқаруға көмектеседі екен, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы АТОР басылымына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Грекия COVID-19 вакцинасы туралы біріңғай сертификаттар енгізу туралы Еуроодаққа өтініш жолдады. Ел үкіметінің ойынша, осы шара арқылы Еуропада жазғы маусымды құтқаруға көмектеседі екен, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы АТОР басылымына сілтеме жасап. 

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакистің ойынша, мұндай құжат адамдарға Еуроодақ аумағында емін-еркін қозғалуды қамтамасыз етеді. Бұл адамның вакцинациядан сәтті өткені туралы стандартты құжат арқылы мүмкін болмақ. Сондай-ақ, ол Грекияның шетелдік туристердің барлығынан міндетті вакцинацияны талап етпейтіндерін жеткізді. 

Мицотакистің мәліметінше, Грекия халықаралық стандарттағы құжаттың жобасын әзірлеп қойған, алайда бұл бастама 21 қаңтарда Еуроодақтағы саммитте талқыланады. Сол кезде нақты бір шешім шығады. 

Былтыр БАҚ туристер үшін COVID-төлқұжаты міндетті болама дегенді талқылаған еді.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная