Etihad әуекомпаниясы алғашқы болып бүкіл экипажын коронавирусқа қарсы вакцинациялады

Etihad әуекомпаниясы саяхатшылардың қауіпсіздігі үшін барлық бортсеріктер мен ұшқыштарын COVID-19-ға қарсы вакцинациялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Әуетасымалдаушы компанияның сайтында, 75 пайыз қызметкерлер, оның ішінде ұлттық компанияның барлық бортсеріктері мен ұшқыштары коронавирусқа қарсы вакцина алғаны айтылған. Қызметкерлер жұмыс уақытында вакцина екпе салдыру үшін, мобильді емханалар ұйымдастырылған. 

"Біз вакцинаны барлық қызметкерімізге алдын ала қол жетімді етіп, COVID-19 таралуына қарсы тұруға көмектесіп қана қоймай, саяхатшыларға келесі жолы бізбен бірге ұшқан кезде сенімділік сезімін сыйладық. Біз әлемдегі барлық жолаушылар мен экипаж үшін коронавирусқа тексеруді міндетті түрде жасаған жалғыз әуекомпаниямыз, ал қазір біз бортында 100 пайыз вакцинацияланған экипажы бар әлемдегі алғашқы әуекомпаниямыз", - деді Etihad Aviation Group бас директоры Тони Дуглас.

Қолданылған вакцинаны Sinopharm шығарғаны айтылады, ол екі дозадан кейін клиникалық зерттеулерде 79 пайыздық тиімділікті көрсетті. Сонымен қатар, егу Etihad қызметкерлері үшін міндетті емес еді, оны жасау керек пе, жоқ па әркім өзі шешті. Вакцинациядан бұрын олар екпе туралы анықтама алды. Егер компания қызметкері коронавирусқа қарсы вакцинациядан бас тартса, бірақ онымен ауырса, оның ақылы еңбек демалысына да, денсаулықты сақтандыру жәрдемақысына да құқығы болмайды екен.

БАӘ билігі наурыз айының соңына дейін ел халқының кем дегенде жартысын вакцинациялауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 5 наурыздан бастап Қазақстанның сегіз қаласы мен Рас-эль-Хайм курорты арасында БАӘ-де тікелей әуе рейстері ашылады.