Эстонияда 100-ге жуық жаңа арал пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Эстонияның Жер қатынастары департаменті ел картасын жаңартты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі 34travel.me сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Эстонияның Жер қатынастары департаменті ел картасын жаңартты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі 34travel.me сайтына сілтеме жасап.

Нәтижесінде оның аумағы кішірейіп қалған. Дегенмен мемлекетте аралдар саны көбейген.

Жағалау сызығын картаға түсіру жұмыстары 2020 жылы алынған аэросуреттер мен әуе лазерлік сканерлеу деректері негізінде жүргізілді.

Соңғы бірнеше жыл бойы ғалымдар оларды зерделеп, қолда бар деректермен салыстырған болатын. Осылайша жағалау сызығының өзгеруі салдарынан Эстония 4 мың шақырым жерінен айырылды. Енді оның аумағы - 45 335 шаршы шақырымды құрайды.

Алайда бұның бір жағымды тұсы - аралдар саны көбейді. Қазір Эстониядағы 2222 аралға тағы 95-і қосылды. Олар жағалау эрозиясы мен аккреция салдарынан пайда болған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная