Ескендір Зұлқарнайын тоқтаған жер және "ұйқыдағы айдаһардың" мекені. Тәжікстандағы ең жақсы 10 орын жайлы

Белсенді демалысты сүйетіндерге Памир шыңдарын бағындыру, тау өзендеріндегі рафтинг, ең әдемі көлдерде экологиялық туризм ұйымдастыру өте керемет болар еді. Алайда Тәжікстан мәдени және тарихи ескерткіштерімен, қаланың көрікті жерлерімен де әлемге танымал.

Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осы көне елдің ең қызықты жерлері туралы баяндайды.

Бұл рейтинг Top10.travel, "Sputnik Тәжікстан" және "Диалог Тәжікстан" порталдарының ақпаратына негізделген.

Душанбе

Біздің таңдауымызда ерекше орынды Тәжікстан астанасы - Душанбе алады. Душанбе тәжік тілінен "дүйсенбі" деп аударылады. Жергілікті аңыздарға сәйкес, бұрын қала орнында ауыл болған, онда дүйсенбіде жәрмеңке ашылған. Бұл атау біртіндеп қала пайда болған елді мекеннің атауына айналды.

Соңғы жиырма жылда Душанбедегі басты ескерткіштердің бірі Исмоил Сомони ескерткіші болды. IX ғасырда өмір сүрген Саманидтер әулетінен шыққан бұл билеуші Тәжік мемлекетінің негізін қалаушы болып саналады. Исмоил Сомони ескерткішінің биіктігі 11,5 метр, ал доға-ескерткіштің өзі 40 метрге жетеді. Тәжікстанның басқа қалаларында да оның құрметіне тұрғызылған ескерткіштер бар.


Kalpak Travel / CC BY (https://creativecommons.org/licenses/by/2.0)

Тәжікстан астанасының орталық көшесі - тәжік әдебиеті классигінің атымен аталған - Рудаки даңғылы. Ұзындығы 12 шақырым болатын даңғыл бойымен жүріп, туристер Душанбе қаласының түрлі көрікті жерлерімен таныса алады. Рудаки даңғылындағы қаланың маңызды ғимараттарының бірі - Ұлттық кітапхана. Алдынан қарағанда, ғимарат ашық кітапқа ұқсайды. Кітапхананың өзі (ғимараттың ұзындығы 167 метр, биіктігі 52 метр, жалпы ауданы 45 мың шаршы метр) бүкіл Орталық Азиядағы ең үлкен кітапхана болып табылады.


Автор: Шухрат Саъдиев - жеке жұмысы, CC BY-SA 3.0, https://commons.wikimedia.org/w/index.php?curid=32662719

Орта Азиядағы ең биік флагшток

Егер Тәжікстанның көрікті жерлерінің көлемі туралы айтатын болсақ, онда Душанбедегі тудың биіктігі 165 метр. Ол тіпті Сауд Арабиясы басып озғанша, Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Сурет Pixabay.com сайтынан

Гиссар бекінісі

Бұхара әмірлігінің бек сарайына - Гиссар бекінісіне барсаңыз, аңыздар мен ежелгі сұлулық әлеміне енгендей боласыз. Аңыз бойынша бекіністі Рустам батырдан қорғау үшін турандықтардың билеушісі Афросиаб салған. Екеуі де тәжік ақыны Фердоусидің "Шахнаме" атты әйгілі шығармасының кейіпкерлері.


Гиссарская крепость. Фото с сайта Traveltajikistan.tj

Памир

Белсенді демалысты жақсы көретіндер үшін Памир таулары тамаша орын болады. Бұл сөздің бір мағынасы - "әлемнің төбесі". Памир тау жүйесі Тәжікстан, Ауғанстан, Қытай мен Пәкістан арқылы өтеді. Тәжікстанның өзінде негізгі шың - Исмоил Сомони шыңы (7495 метр). Памир таулары - адамдар тұратын Гималайдан кейінгі екінші биік таулар.

Памир төрт жыл қатарынан "100 үздік тұрақты бағыттар" әлемдік рейтингіне кірді.


Сурет Pixabay.com сайтынан

Памир тас жолы

Памир таулары Тәжікстан қалаларымен биік асфальт жол Памир тас жолымен жалғасады. Ол Душанбе, Хорог және Қырғызстанның Ош қаласыын байланыстырады. Памир тас жолының ұзындығы - 700 шақырым. Көптеген әуесқой саяхатшылар тас жол бойымен серуендегенді және әдемі фотосуреттер түсіргенді ұнатады. Мұнда сіз жанармай құю станциясын немесе автокөлік қызметін сирек кездестіресіз, сондықтан автокөліктерді өзіңіз жөндеуге дайындалу керек. Туристер көбінесе жергілікті тұрғындармен қонақжайларда тұрады.

Сарез көлі

Мұнда туристерді қызықтыратын жерлердің бірі - Сарез көлі. Ол ұйықтап жатқан айдаһар деп аталады, өйткені ол 1911 жылы болған күшті жер сілкінісінің салдарынан пайда болды. Содан кейін қар көшкіні Мургаб өзенінің алқабын жауып тастады және бұл тосқауылдың артында көл пайда болды. Ол Сарез атауын алды, өйткені онда орналасқан Сарез ауылын су басқан еді.


Сурет traveltajikistan.tj сайтынан

Ескендіркөл

Душанбеден үш сағаттық жолмен Ескендіркөліне жетуге болады. Ежелгі аңыздарға сәйкес, атау екі сөзден шыққан. Ол "көл" және Ескендір Зұлқарнайынның аты. Аңыз бойынша, дәл осы жерде Македония королі Үндістанға барар жолда дамылдапты. Ескендіркөлі Фан тауларының інжу-маржаны мен жүрегі деп аталады.


Сурет Traveltajikistan.tj сайтынан

Фан таулары

Фан таулары шағын серуендерге және экотуризмге өте қолайлы. Олардың құрметіне кеңес ақыны Юрий Визбор 1976 жылы ән арнады.

"Я сердце оставил в Фанских горах,

Теперь бессердечный хожу по равнинам,

И в тихих беседах, и в шумных пирах,

Я молча мечтаю о синих вершинах", - делінген.

Сурет Traveltajikistan.tj сайтынан

"Тәжік теңізі"

Тәжікстан орналасқан жеріне байланысты теңізге шыға алмайды, бірақ бұл жергілікті билікке "Тәжік теңізі" деген лақап атпен жасанды су қоймасын құруға кедергі келтірмеді. Қайраққұм су қоймасы 1950 жылы Соғды облысының экономикалық қажеттіліктері үшін құрылған - онда су электр станциясы орналасқан. 2019 жылы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қайраққұм гидроэлектростанциясын жаңғырту жобасын бастады. "Тәжік теңізі" әр түрлі курорттары бар тамаша демалыс орнына айналды.

Гармчашма минералды бұлақтары

Гармчашма бұлақтары Таулы Бадахшан автономиялық облысының Ишкашим ауданындағы Хорог қаласының маңында орналасқан. Мұнда минералды суы бар гейзерлер жер бетіне шығып жатыр, мұнда жылына мыңдаған жергілікті және шетелдік туристер келеді. Жергілікті тұрғындар мұндағы су ерекше энергиямен қамтамасыз етілген және кез келген адамды аяғынан тұрғызуға қабілетті деп санайды. Медициналық тұрғыдан алғанда, пайдасы 1928 жылы дәлелденді. 1957 жылы мұнда "Гарм-Чашма" шипажайы салынды, онда олар тері және гинекологиялық ауруларды, тірек-қимыл аппараты, тыныс алу жүйесі мен жүрек-қан тамырлары ауруларын емдейді. Сонымен қатар бірнеше суық минералды бұлақтар бар (Дыбыс, Хосгуни, Чурш), сондай-ақ, Нарзан бұлағы.


Сурет Traveltajikistan.tj сайтынан

Нені білу керек

Тәжікстандағы туристік маусым мамырдан қыркүйекке дейін жалғасады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

"Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.