Ескендір Зұлқарнайын перғауын атанған Сива алқабы туристерді несімен қызықтырады?

Сива алқабы Мысырда, Ливия шекарасына жақын орналасқан. Ежелде саяхатшылар сапар шеккенде құмда қаза боп жатса, қазір туристер бұл қалаға көне тарихқа үңілу үшін келеді. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі бір кездері, аңыз бойынша, Ескендір Зұлқарнайынға маңызды болжам жасаған сәуегей тұрған бұл ерекше жер саяхатшыларды несімен қызықтыратыны жайлы баяндайды.

Сива алқабы Египетте, Ливиямен шекарадан алыс емес жерде, Каттара ойпатында, теңіз деңгейінен 18 метр төмен орналасқан. Қазір Каирден, Александриядан және Мерса-Матрухтан автобустар тұрақты қатынайды. Туристер мұнда көне Шали қаласының қирандыларын аралап, көлдің тұзды суында жүзіп, уақыт кеңістігінде саяхаттау үшін келеді.

Бір кездері бұл жерге жету жаулап алған әскерлерді айтпағанда, барлық аймақтан келетін көпестер үшін де қиынға соқты. Сивалықтар өздерінің ежелгі дәстүрлерін, көзқарастарын, мәдениеті мен тілін сақтаған.


© Shutterstock  

Тарихы

Киренаикадан келген грек отаршылары Сивамен біздің эрамызға дейінгі VII ғасырда байланыста болды. Алқапты ерте заманнан бері мекендегені белгілі. Мысырлықтар Сиваны - Сехт-аму, яғни "Ағаштар алқабы" деп атаған.

Tandfonline.com хабарлауынша, Ливия шөлінде Амон ғибадатханасындағы сәуегей маңызды орындардың бірі болған. Livius.org атап өткендей, өзінің 2500 жылдық тарихында бұл кешенді адамдардың әртүрлі топтары әртүрлі мақсаттарда пайдаланылған.

Аман қалған ғибадатхана Мысыр құдайы Амонға арналған және оны грек сәулетшілері салған, бірақ мысырлықтар бұл ғимаратты олардан бұрын салған. Бұл мысырлық құдайға табыну Грекияға біздің эрамызға дейінгі VI ғасырда гректер Солтүстік Африканы отарлаудан кейін келді. Содан кейін Кирена тұрғындары (қазіргі Ливия) Зевстің баламасы болып саналатын Амонға табынатын.

Ақпаратқа сәйкес, Сивадағы сәуегей гректер арасында ең құрметті болған. Грекияда осы мысырлық құдайдың бірнеше ғибадатханалары мен мүсіндері болған. Ең танымалдысы - Фива мен Спартада. Афитис пен Халкидикиде Амонға Лисандер заманынан (б.з.д. 395 ж.) табынған. Ақын Пиндар құдайдың құрметіне гимн жазды. Мегаполисте құдай қошқардың басымен бейнеленген, Киренаика гректері Дельфидегі Амон мүсіні бар күйме құрастырған. Паусаниас жазғандай, Грекияның өз ғибадатханалары мен Амон мүсіндері болғанына қарамастан, адамдар түрлі болжам алу үшін Ливиядағы сәуегейлерге жиі баратын.


© Shutterstock  

Кирдің ұлы, әрі Мысырды жаулап алушы Парсы патшасы Камбиз Африкадағы шайқастары жақын арада сәтсіздікке ұшырайды деп болжағандықтан, сәуегейге қатты ашуланады, бірақ сәуегейдің айтқаны келді. Біздің эрамызға дейінгі 524 жылы Камбиз сәуегейдің көзін жою үшін Луксордан 50 000 әскер жіберді. Бұл адамдардың барлығы Сива мен ішкі Мысыр алқаптары арасындағы құмдарда із-түзсіз жоғалып кетті, олардың ізі әлі де табылған жоқ.


© Shutterstock  

Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың ортасында жергілікті Ливия князі Ун-амун Мысыр патшасы II Нектанебтің билігін мойындады. Ун-амун алқабында Амонның құрметіне Мысыр ғибадатханасын тұрғызды, онда ол өзін Мысыр перғауынына бағынышты ретінде көрсетті.

Көптеген ежелгі авторлардың айтуынша, Персияны жаулап алмас бұрын, Ескендір Зұлқарнайын Сиваға барған және осында орналасқан әйгілі Амон сәуегейі оған өзінің құдайлық болмысын жариялап, оны Мысырдың заңды перғауыны деп жариялаған.

Ұлы қолбасшы б.з.б 333 жылы Исса шайқасында парсы патшасы Дарийді жеңгеннен кейін Мысыр перғауыны деп жарияланды. 331 жылы ол өзінің жаңадан құрылған Александрия қаласынан жүзіп, Мерса-Матрухқа жетіп, бүгінгі күнге дейін бар шөл жолы бойынша Сиваға қарай жылжыды.

Басқаға нұсқаға сәйкес, алқап оны жерлеуге болатын орын ретінде қарастырылады. Археологиялық экспедицияларды ұйымдастырушылар Ескендір Зұлқарнайынның жерленген жері табылғанын бірнеше рет мәлімдегенімен, әр жолы мамандар бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды.


© Shutterstock  

2007 жылы Сивадан адам ізі табылды, оның жасы үш миллион жыл деп бағаланады. Бұл - әлемдегі ең көне адам іздері.

Алқап қазір несімен қызықтырады?

Ұлы Сахара шөлі алқаптың айналасында жүздеген шақырымға созылып жатыр және пальмалар мен зәйтүн тоғайларымен қоршалған ол жұмақ жердей көрінеді.

Сиваның пайда болуы сумен байланысты: Сахараның шығыс бөлігінде бай жер асты сулары немесе оны Ливия шөлі деп те атайды, мұнда көптеген көздермен жер бетіне өтеді, олардың арасында суық бұлақ суы ішуге, әрі суаруға қолайлы, сондай-ақ, ол жылы, минералды.


© Shutterstock  

Елді мекеннің жанында тұзды көлдер бар, олардан тұз өндіріледі, суы тұздылығы жағынан Өлі теңізбен бірдей.


© Shutterstock  

Ыстық климатына байланысты тұщы көлдердің суы бірте-бірте буланып, деңгейі төмендеп, топырақтары сортаңданады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kirlose Monire (@kirlosemonire)

Саяхатшы Люси Соболеваның айтуынша, олар алқапқа ең алдымен тұзды бассейндеріне байланысты барған және бұл жердің қаншалықты ерекше екенін сол кезде түсінген.

"Тарихы да, табиғаты да, ыстық бұлақтар мен тұзды көлдер де, сафари де бар. Құрманы зәйтүнмен жеуге болады. Бұл жердің өзі әдемі. Ал ондағы адамдар мүлде басқа - Араб Мысырындағыдай емес. Олардың туристерге деген көзқарасы әртүрлі. Олар әйтеуір мейірімді, ашық. Олар саған ештеңе жүктемейді, алдауға тырыспайды, - дейді саяхатшы қыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Lu-Lu & Mr. Washington (@miss_lu_sea)

Сива қаласы XIII ғасырда биік дуалмен қоршалған Шали елді мекенінің айналасында салынды, оның мақсаты тұрғындарды ықтимал шабуылдардан қорғау болды. Бұл сәулеттік құрылым бір кездері бекініс және 700-ге жуық адам тұратын жабық қала болды. Қала гүлдене түсті, бірақ тұрғындар қала қабырғаларының айналасында тұрудан қорқып, биікте үйлер салуды жөн көрді, кейбір жерлерде ғимараттардың биіктігі бес қабатқа дейін жетті. Адамдар үйлердің арасында, лабиринттерден өткендей жүре алатын.

Алқапқа келген соң Шалидың қирандыларын оңай табуға болады. Олар дәл қала орталығынан жоғары орналасқан. Бұрын бұл герметикалық лабиринт көп деңгейлі бөлмелерді, өткелдер мен қоймаларды қамтыды. Оның сюрреалистік қалдықтары мешіт астындағы жартастың бүкіл орнын алып жатыр.

Адамдар мұнда тек лабиринт аралау үшін келмейді. Шалидың биік бөліктерінен алқаптың таңғажайып көрінісі ашылады. Бұл жерден сіз бүкіл заманауи қаланы, оның пальма тоғайларын, тұзды көлдерді және айналадағы биік жартастарды көре аласыз.

"Бұл бекіністі қала бір кездері шынымен үлкен болған, қазір ол бір төбе боп анық көрінеді. Ал жақын жерде үйлер мен көшелер бар. Мұнда құрылыста аздаған өзгерістер болды. Сонымен, сіз адамдар тұратын көшелермен жүресіз, дәмханалар, дүкендер ашық, содан кейін мұның бәрі бірте-бірте қаңырап бос қалады, қирады, тек кейбір пішінді қалқалардың лабиринттері қалады. Жоғарыдан алқап алақандағыдай көрінеді. Шали тұрған төбеден әлі күнге дейін ежелгі теңіздің қалдықтарын таба аласыз", - дейді Люся Соболева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Lu-Lu & Mr. Washington (@miss_lu_sea)

Ежелгі уақытта мысырлықтар өз ғимараттарын жасаған саз кірпіштерде тұз кристалдары бар. 1926 жылы Сивада үш күн қатарынан қатты жаңбыр жауды. Су бұл кірпіштердегі тұзды ерітіп, үйлер құлап, олардан тек қирандылар ғана қалдырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Lu-Lu & Mr. Washington (@miss_lu_sea)

Баурайдың төменгі бөлігінде бірнеше тұрғын үйлер мен ортағасырлық мешіт сақталған, кейбір отбасылар осы тозығы жеткен үйлерде әлі күнге дейін тұрып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sheree Michelle (@sheree434)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ezz A. Snousy (@ezzsnosy)

Алқапта шағын базар бар, онда сирек кездесетін кестелі киімдер мен әйгілі ауыр күміс зергерлік бұйымдарды сатып алуға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ezz A. Snousy (@ezzsnosy)

Сондай-ақ, туристер Сиваның дәстүрлі өмір салты мен қолөнері жергілікті мұражайдан тамашалай алады. 1984 жылы Сиваға асфальт жол төселді. Осы уақытқа дейін мұнда тек түйе соқпақтар ғана болған, мұнда адамдар жиі құмды дауылдан қаза болатын.

Ресми түрде Сива Мысырға тиесілі және оның заңды бұйрықтарына бағынады, бірақ іс жүзінде бұл мүлдем дұрыс емес. Алқап 11 руға бөлінген, олардың әрқайсысында барлық дауды шешетін ақсақал бар. Оқиғаға кінәлі адамға айыппұл салынуы немесе дүре соғылуы мүмкін. Жазалану үлкен масқара болып саналады. Алқапта адамдар тату-тәтті өмір сүреді, олардың көпшілігі бір-бірін жақсы таниды.

Сивадағы негізгі көлік - есек арба. Кейбір азаматтар мотоциклдер мен жеңіл көліктерге мініп жүреді. Туристер велосипедтерді жалға алып, аумақты және негізгі көрікті жерлерді өз бетінше аралай алады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ezz A. Snousy (@ezzsnosy)

Алқап пен тұрғындарының басты байлығы - әртүрлі сортты құрма ағаштары. Сивалықтар жемістерін ғана пайдаланбайды. Пальма ағашы берік және ұзақ тіршілік етеді, сондықтан ол тұрғын үйлерді салу үшін қолданылады: жапырақтары шатырға және қоршауға пайдаланылады, ал тұтас немесе ұзындығы бойынша араланған діңдері ғимараттардың едендеріне төселеді. Одан жиһаз да жасайды.

Қашан бару қажет

Баруға ең қолайлы уақыт - көктем немесе күз, ыстық емес кезде және сивалықтар мереке қарсы алатын кез. Қыста бұл жерде тек күндіз болған жақсы, түнде саяхатшылардың тоңып қалу қаупі бар. Мамыр айында ауа температурасының көтерілетіні сонша, жергілікті тұрғындар сағат 1.00-ден 19.00-ге дейін үйлерінен шықпайды, ал түнде ауа дымқыл болып, масалар көп болады.


© Shutterstock  

Қалай жетуге болады?

Сива алқабына бару үшін Мысырдан автокөлікті жалға алу қолайсыз болады, өйткені шөлді аралап өтуге тура келеді, ал жолнұсқаушысыз адасып кету қаупі бар.

Алқапқа барудың ең оңай жолы - Александрияға немесе Мерса-Матрухқа тур сатып алу. Ол әдетте үш күн және екі түнге созылады және Ұлы Құмды теңізді бойлай саяхаттау, құмда жүзу, шөлдің жерасты бұлақтарының ең мөлдір суларында жүзу, сондай-ақ, ежелгі бекініс қаласы Шали мен Амон сәуегейінің әйгілі ғибадатханасына, археологтар ең көне адам ізін тапқан жерлерге баруды қамтиды.


© Shutterstock  

Каир, Александрия және Мерса-Мартухтан алқапқа автобустар тұрақты қатынайды. Каирде олар Эль-Торгоман станциясынан, Александрияда - Сиди Габерден, Мерса-Мартухқа Мухаррем шығанағынан кетеді. Мерса- Мартухтан алқапқа дейінгі жол шамамен төрт сағатты, Каирден - бес сағатты, Александриядан - тоғыз сағатты құрайды.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.