Жер бетінде екі жүзден аса ел болса, әр елдің өз туы бар. Ендеше олар бір-біріне ұқсамау керек. Ал тулардың бояулары ше, осынша елдің туынан барлық түстің қолданғанын көруге болатын шығар. Бірақ олай емес екен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Күлгін тым қымбат
XIX ғасырдың ортасына дейін күлгін түсті Ливан жағалауында ғана сирек кездесетін жәндіктерден алып отырған. 10 мың жәндікті өңдеп тек 70 грамм бояу шығаруға болатын.
Міне осы себепті күлгін патшалар түсі есептелген, өйткені алтыннан қымбат еді. Ал мұндай түсті күні бойы ашық аспан астында ілініп тұратын туға қолдаун әбестік болар еді. Жаңбыр, қар мен жел, күннің көзі де бояуды құртатыны белгілі.
Сондықтан тудың ең көп тараған түрі - ақ, көк, қызыл және қара. Кейін сары мен жасыл қосылды.
Ал XIX ғасыр ортасында химик Уильям Генри Перкин күлгін пигментін қолдан жасап шығарып, ол арзандай бастады. Ал 20 ғасырда бұл бояу өндірістік көлемде шығарылды. Алайда бұл кезде кейбір елдердің туына 6-7 ғасырдай болып қалған еді.
Дегенмен...
Доминика мен Никарагуа туларының аздаған бөлігі күлгін түске боялған. Доминиканың туында тоты құс бар, міне осы құстың қанық түстері үшін күлгін бояу қажете еді. Ал Никарагуа елінің туында кемпірқосақтың кішкентай ғана суреті бар. Оған да күлгін қажет болды.
Қызғылт жеңілтектік белгісі
Қызғылт түс әдемі көрінеді. Алайда тудағы әр түстің бір мағынасы бар. Мысалы, көк - теңізді білдіреді, сары - байлық белгісі, ақ - асылдық, қызыл - махаббат белгісі. Ал қызғылn жеңілтектіктің белгісі, тіпті тым еркінсуді де білдіреді. Ендеше бұл түсті қай ел өз туына қолдансын.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!