Ерлі-зайыптылар ұшақта төбелесіп, рейсті ұшырмай тастады

Lufthansa әуекомпаниясының бортында "тәртіпсіз жолаушылардың" кесірінен келеңсіз жағдай болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі aviation24.be порталына сілтеме жасап.

Оқиға Германияның Мюнхен қаласынан Таиланд астанасы Бангкокқа бара жатқан рейсте болған.

"28 қарашада Lufthansa әуекомпаниясының LH772 рейсінде (Мюнхен - Бангкок) "тәртіпсіз жолаушылардың" кесірінен келеңсіз жағдай тіркеліп, ұшақ Делиге жіберілді. Ұшақта отбасылық жұп төбелесті", - деп жазады басылым тілшілері.

Ұшақ Делиге қонуға мәжбүр болған. Борт жерге қонғанда оларды әуежайдың қауіпсіздік қызметі алып кеткен. Ер мен әйелдің не үшін жанжалдасқаны айтылмайды.

Қажетті шараларды өткізгеннен кейін борт ары қарай Бангкокқа ұшып кеткен. Ол діттеген жеріне екі жарым сағаттай кешігіп жеткен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!