Ерекше зерттеу: әлемдегің ең әдемі ұлттар анықталды

Ұлыбританиялық Pour Moi коммерциялық компаниясы ерекше зерттеу жүргізді. Оның мақсаты әлемнің қай елінде әдемі адамдар өмір сүретінін анықтау болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл жұмыстың негізі ретінде Reddit әлеуметтік желісінде жарияланған барлық хабарламалар болды, онда ұлттарға қатысты "тартымды", "сексуалды", "әдемі", "керемет", "сымбатты", "сүйкімді" және "жалынды" сөздері көрсетілген.

Сосын хабарламалар, пікірлер және дауыстар санын есептейтін бағалау жүйесі құрылды. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша үздік 10 ел таңдалды.

Сонымен қатар, зерттеу кезінде "мінсіз келбетті" визуализациялау үшін Жасанды интеллект қолданылды.

Бірінші орын - Үндістан

Екінші орын - АҚШ

Үшінші орын - Швеция

Төртінші орын - Жапония

Бесінші орын - Канада

Алтыншы орын - Бразилия

Жетінші орын - Франция

Сегізінші орын - Италия

Тоғызыншы орын - Украина

Оныншы орын - Дания

Зерттеушілер сонымен қатар барлық ұлттар арасында ең сымбатты ерлер тізімін жасады. Бірінші орынға британдық мырзалар шықты. Ерлер арасында екінші орынды Үнді "мачолары" алады, олардың сыртқы келбеті мен ғасырлар бойғы отбасылық құндылықтары бар. Құмар италиялықтар мен эмоционалды америкалықтар да үздіктер қатарында.

Ең әдемі әйелдер тізімінде Үндістан, Жапония және Швеция жүлделі орындарды өзара бөлісті. Төртінші орында поляктар, ал бесінші орында италиялықтар тұр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!