Ер адам ұшақтың шассиіне жасырын кіріп, басқа елге ұшып кетті

Ер адам Йоханнесбургтен Амстердамға ұшатын жүк ұшағына отырып, шасси бөлігінде 11 сағат өткізді. Бұл туралы BBC News хабарлайды.

Заңсыз жолаушыны Схипхол әуежайының қызметкерлері тауып, полиция шақырған. Алғашқы медициналық тексерісте дәрігерлер дене температурасының тым төмен екенін атап өтті. Біраз уақыттан кейін заңсыз саяхатшының жағдайы жақсарды және ол құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Басқа елге жасырын келген ер адамның жеке басы анықталмады. Оның жасы шамамен 16 жастан 35 жасқа дейін болады деп болжанады.

"Ер адам сауығып, ауруханада медициналық тексеруден өткеннен кейін баспана іздеушілердің орталығына жіберіледі. Онда оның мәртебесі анықталады", - деді полиция.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!