Ер адам әуекомпанияға бір қызмет үшін 770 миллион доллар қарыз болған

Qantas әуекомпаниясы жолаушыға ұшақтағы бір қызмет үшін 770 миллион доллардың төлемін шығарған. Бұл туралы Fox News жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Австралиялық комик Дэйв О 'Нил (Dave O' Neil) Мельбурннан Пертке ұшаққа билет алып, базалық тарифке кірмейтін орындық алдындағы кеңейтілген орын қызметін пайдаланған. Алайда, кейінірек ер адам компанияға 770 миллион доллар қарыз екенін білген және бұл туралы ол Twitter желісінде жазды.

Әдетте әуекомпаниялар мұндай қызмет үшін көп ақы алмайды. Ал ер адамға жоғары бағаның көрсетілгені әуе тасымалдаушысын брондау жүйесіндегі қателікке байланысты болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!