ЕО-ның бірқатар елі туристердің кіруін жеңілдетуді талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Еуропалық одақтың (ЕО) бірқатар елі туристер үшін Еуропаға кіру ережелерін жеңілдетуді талап етті. Бұл туралы Bloomberg дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды lenta.ru сайты.


Иконка комментария блок соц сети

Еуропалық одақтың (ЕО) бірқатар елі туристер үшін Еуропаға кіру ережелерін жеңілдетуді талап етті. Бұл туралы Bloomberg дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды lenta.ru сайты.

Америкалық басылым мәліметінше, экономикасында туризм саласы үлкен рөл атқаратын мемлекеттер коронавирус пандемиясына байланысты ЕО-ға кіру туризміне қойылған шектеулердің бір бөлігін алып тастауға шақырды. Сонымен қатар, ПТР-тест нәтижесі теріс, коронавирус жұқтырып, ауруынан жазылған немесе вакцинацияланған адамдарды Еуропалық одақ аумағына жіберу жоспарланып отыр. Бірінші кезекте елдер Ұлыбританиядан келген туристердің кіруіне рұқсат алғысы келетіні белгілі болды.

Дипломатиялық дереккөздер Еуропа елдерінің бір бөлігі үшінші елдерден келген туристер үшін шекараны біржақты ашу туралы ойлағанын айтты. Мұндай жағдайда Еурокомиссия аталған мәселеге бірыңғай шарт жасауды талап етіп отыр.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная